Қайырымдылық айлығы аясында Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында «Дін және әлеуметтік желі» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

Шараға Ар-Рахман мешітінің ұстазы, Орал медресе-колледжінің директоры Талғат Мұратұлы Искалиев қатысып, діни ұғымдарды қалыптастыруда бүкіләлемдік ғаламторда ең танымал қызмет түрі саналатын әлеуметтік желілерден алынатын ақпараттарға аса мұқияттылықпен қарау керектігі жөнінде тоқталды. Сондай-ақ, радикалды экстремистік мәліметтерден сақтану жолдары жайында кеңестерімен бөлісіп, аталған тақырыпта дұрыс ақпараттар алуға болатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты, басқа да сенімді сайттар туралы ақпараттар берді. Оқырмандар да маманға дін тақырыбындағы көкейлерінде жүрген сұрақтарын жолдап, өзара пікір алмасты.