Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мен «Орал медресе колледжі» директоры, ҚМДБ РАНТ мүшесі, ұстаз Талғат Мұратұлы Құрманғазы ауданына іс-сапармен келді.
Жамағатпен кездесу барысында ұстаз Талғат Мұратұлы ел бірлігі, тыныштық тақырыптарында насихат айтты.
«Қазақта бірлігі мықты елді жау алмайды деген керемет сөз бар. Бірлікте болу маңызды. Еліміздің тұтастығы баршаңыздың қолыңызда» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Орал орталық мешітінің баспасөз қызметі