Кеше “ Ар-Рахман” облыстық орталық мешітінде Батыс Қазақстан облысындағы (әрі қарай – БҚО) діни бірлестіктердің басшылар Клубының (әрі қарай – Клуб) кезекті отырысы өтті.
Отырысқа діни бірлестіктердің басшылары, ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат қажы Қанатқалиұлы мен облыстық дін істері басқармасының басшы Талғат Нығметов, діни қызмет саласының мамандары қатысты.
Алғашқы сөз алған БҚО дін істері басқармасының басшысы Талғат Рақымұлы діни бірлестіктердің базасында өткізілетін Клуб отырыстары мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық өзара байланысты нығайтуға септігін тигізетініне сенімін білдірді.
Облыс имамы Самат Алибаев асыл дініміз жайында тілге тиек етіп, атқарылған жұмыстарды баяндады.
Самат Қанатқалиұлы дін өкілдеріне мешітке қош келдің айтып, ислам діні ешкімді ұлтына, нәсіліне, жынысына қарап бөлмейтінін және басқа конфессияларға сыйластықпен қарайтынын, адамзатты бейбітшілікке, достыққа, әділеттікке шақыратынын жеткізді.
Барлық дін өкілдері атқарылған жоспарын айтып, ортақ ойларын салып, бірлесе еңбек етуге шақырды.
Мешіт ішін аралап, жұмыс барысымен танысып, естелік суретке түсті.
Баспасөз қызметі