Подстепный мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Қасиетті жұмада Теректі ауданы, Подстепный ауылдық мешітінің бас имамы Ерлан Кенжин аталмыш 1,2,3 саяжайларды су басып, судан зардап шеккен 120 отбасына қайырымдылық көмектер берді.
Судан зардап шеккендерге Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның жұртшылығы азық-түлік пен күнделікті өмірге қажетті заттарды алып келген болатын. Бас имам Ерлан Кенжин жиналған жұртқа кеңінен түсіндіріп, Тұрар Рыұсқұлов ауданының халқына шексіз рахметін айтып жеткізді.

«Ислам діні жағдайы бар азаматтарды қоғамдағы әртүрлі тағдырымен қайырымдылыққа мұқтаж болған кісілерге, қоғам мүшелеріне көмектесуге, қол ұшын беруге, жәрдемдесуге шақырады. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде: «Өзі тоқ жатып, көршісі аш жатқан адам бізден емес», – деген. Сондай-ақ, Құран Кәрімнің бірқатар аяттары да жұртқа садақа беруге, көмектесуге, қол ұшын созуға шақырады».
Қайырымдылыққа қолы жеткен жандар қайырымдылық қылған Жайсаң Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданына, осылардың бәрін ұйымдастырып, үлестіріп отырған мешіт ұжымдарына алғыстарын білдірді.

Нұрлан Саматұлы