Ақжайық өңірінің 85 имам-молдалары аттестаттаудан өтіп, оның 5-уі жаңа діни қызметке ұсынылды.
Алдымен Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы сөз алып, келген комиссия мүшелерін таныстырып, ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғарға сөз тізгінің ұсынды. Наиб мүфти Дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, аттестациядан сәтті өтіңіздер,-деп тілегін білдірді.
Аттестаттау тест және ауызша сұрақ-жауап бөлімдерінен тұрады. Тест бөлімінде: ақида, фиқһ, ислам тарихы және Қазақстан Республикасының заңнамасы бағыттары болса, ауызша сұрақ-жауап бөлімінде қирағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр, ҚМДБ-ның тұжырымдамалық құжаттары бағыттары бойынша тапсырды.
Ақжайық өңірінің имам-молдаларын Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай, ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің маманы Махамбет Искандеров аттестаттаудан өткізді.
Наиб мүфти аталған шараның маңыздылығы жайында «Ақжайық» пен «ТДК-42» телеарнасының тілшілеріне сұхбат берді. Аттестациялау екі күнге созылды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі