Қасиетті Рамазан айының құрметіне Орал қаласында облыстық “Ар-Рахман” мешітінде «Құран түскен Рамазан» тақырыбында шәкірттер арасында Құран оқудан сайыс ұйымдастырылды.
Облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінен 30 астам шәкірттері бақ сынап, асыл дініміздің діңгегі Құран Кәрімнің отызыншы парасын жатқа, сондай-ақ, көркем де мағыналы оқуға тырысты.
«Айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айында тек сауапты істер ғана емес, танымдық-тағылымдық шаралар өткізген де абзал. Отыз күн ораза ұстап нәпсіден тиылған жұрт Құран айында оның мағынасына терең үңіліп, мынаның дүниенің сырын ұғынуға құлшынуы керек. Бүгінгі жарысқа шәкірттер белсене қатысып, Құран Кәрімді қадіріне жете оқыды. Дін насихатпен тарайды. Шақыруымызды қабыл алып қатысқандарыңызға Алла Тағала разы болсын» деді облыстық “Ар-Рахман” мешітінің бас имамы Самат Алибаев.
Қазылар алқасының төрағасы
Әлемдік Сауд Арабиясы Корольдігінде, Мысыр елінде, Қырғызстанда өткен Құран жарыстарының жүлдегері
ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен өткен ХI Республикалық Құран жарысының Бас жүлдегері
Бейбітұлы Иманәлі қари төрағасы болса, Орал қаласындағы Тәжиден Батырұлы атындағы мешітінің ұстазы Ринад Акимов, Теректі ауданы, Подстопный ауылдық мешітінің бас имамы, Орал- медресе-колледжінің ұстазы Ерлан Кенжин мүшелері болып қазылық етті.
Жарыстың соңында жеңімпаздар анықталып, мешіт атынан жүлделер тапсырылды. 100,000 теңге көлеміндегі жүлде І орын алған Ибрагим Қадыр (Круглоозерный ауылы) берілді. ІІ орынға Каспи Абдуғаппарға ( Бәйтерек ауданы, Асан ауылы) 80 мың теңге жүлде алса, ІІІ орыннан көрінген Мадияр Бақытжанұлы ( Байтерек ауданы, Асан ауылы) 60 000 теңге ақшалай сыйлық табысталды.
Баспасөз қызметі