Қасиетті Рамазан айында орталық «Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Самат Қанатқалиұлының бастамасымен, қасиетті Рамазанның құрметіне орай мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап ауызашар берілді.
Сауабы мол игі басқосуда Орал қаласындағы мүгедектер қоғамының мүшелері мен мешіттің дін қызметкерлері қатысты.
Сонымен қатар ауызашарда облыстық Ар-Рахман” мешітінің наиб имамы Наурыз Убаев қасиетті айдың қадір қасиеті мен ұлылығына тоқталып, бұл айдағы дұға-тілектеріміз қабыл болып, елімізге тыныштық, халқымызға амандық болуын тіледі.
Ауызашар дастархан басында әсем әндер айтылып, салиқалы отырыс болды.
Жиналған қауым ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігіне риза болып, ұлық айдағы оразаларыңыз бен дұғаларыңыз қабыл болсын, деп ақ баталар берді.
Баспасөз қызметі