Қасиетті Рамазан айының құрметіне орталық «Иманғали мешітінің ұйытқы болуымен «I BIGMA GROUP» ЖШС компаниясы екі отбасына баспана құжатын табыс етті.
Салынып жатқан бизнес класс санатындағы тұрғын үйдің құжаттарын Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мен «I BIGMA GROUP» ЖШС компаниясының басшысы Ибрагим Аманбайұлы табыс етті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 723, 724 пәтердің құжаттары Атырау қаласындағы көп балалы отбасы Қуаныш Қуандықұлына және дін қызметкеріне табысталды.