Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Алматы облысына барған сапарында Еңбешіқазақ ауданында болды.
Жұмыс сапары барысында наиб мүфти «Әділжан ата» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып, құлшылық үйінің ұжымымен кездесті.
Бұдан бөлек наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Есік қаласындағы «Ратбек қажы» қайырымдылық мекемесінің шәкірттерімен кездесіп:
«Сіздер болашақ ұстазсыздар. Барынша тәртіпті, білімді болуға ұмтылуларыңыз қажет. Ең бастысы алған білімдеріңізді туған елдің дамуына, ата дініміздің өркендеу жолына жұмсау нәсіп болсын», деп насихат айтып, игі тілегін жеткізді.