Дін қызметкерлері арасындағы спорттық шара

Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» жылы аясында Ақжайық өңірінің дін қызметкерлері арасында теңбіл доп ұйымдастырылды.

Алла елшісі (с.ғ.с): «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан жақсы әрі Аллаға сүйкімді. Дегенмен, әрбірінде жақсылық бар. Саған пайда беретін нәрсеге ұмтыл, Алладан жәрдем тіле, әлсіз болма» – деген. Бабаларымыз: «Негізінде, күш – қуат барлық нәрседе болғаны дұрыс сенімде, білекте, ақылда және ілімде» – дегеніндей, имамдар алдағы уақытта игілікті шараларды өткізбек.

Спорттық шарада имамдар арасында тартысты жарыс болып, салауатты өмірді насихаттап, ауызбіршілік пен ынтымақты уағыздады.
Жеңісті күндерді жолығуды жазсын!

Баспасөз қызметі