Жақында «Түлбаев Мұхаммед-Ғариф» атындағы Орал қалалық мешітінің имамдарының ұйымдастыруымен «Кім білгір» интеллектуалды білім сайысы өтті.
Білім сайысына үш мешіттен бес команда қатысты.
Іріктеу сайысы Kahoot – әлеуметтік оқыту үшін әзірленген сайт интернет арқылы болды. Іріктеу кезеңінен өткен топтар өзара бақ сынасып, жүлделі үш орынға сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. «Кім білгір» интеллектуалды білім сайысы
7 пән бойынша ұяшық тандаумен өтілді.
Сұрақтар Фиқһ, ақида, салт-дәстүр, әдебиет, сира, тарих, құран тақырыбы бойынша қойылды. 10-50 балдық сұрақтар әр балға өзіне сай сұрақтар қойылды.
Финалдық сайысқа үш топ қатысып, әр топ үш адамнан және көрерменімен екі-үш адамнан тұрды. Қатысушыларға үш мүмкіндік беріледі бірі досына қонырау шалу болса екеуі көрермендерінен сұрауға рұқсат берілді.
«Түлбаев Мұхаммед-Ғариф» атындағы Орал қалалық мешітінде өткен білім сайысы әлеуметтік желілерде насихатталып, бұқаралық ақпартат құралдары өкілдері «ТДК-42″телерарнасының тілшілер келіп арнайы сұхбат алды.Сонымен қатар білім сайысына облыстық орталық мешітінің наиб имамы Наурыз Убаев қатысып жеңімпаздарды марапаттады.
Жарысқа демеуші болған «Аманат- Жайық» қоғамдық қорына алғысымыз шексіз. Алла разы болсын! Білімді, ұлтжанды жастарымыз көбейе бергей!
Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешітінің баспасөз қызметі