Бүгін «Отбасы» орталығында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік шара өтті.
Қарттарды ардақтау мақсатында өткен шараға БҚО орталық мешітінің имамы Наурыз Ибатұлы, Орал қалалық кітапханалар жүйесінің № 16 кітапхана филиалының жанынан құрылған «Ақ кемешек» әжелер үйірмесінің мүшелері, орталығымыздың белсенді аналары, ата – әжелер, «Alau Media» аула клубының тәрбиеленушілері қатысты. Шара шымылдығын орталық психологі Индира Жоламанқызының құттықтау сөзімен ашылды.
Наурыз Ибатұлы қарияларды атаулы мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Құттықтау рәсімінен кейін «Alau Media» аула клубының тәрбиеленушілері өнер көрсетті. Шараның ойдағыдай өтуіне атсалысқан БҚО орталық мешітінің имамы Наурыз Ибатұлына, Орал қалалық кітапханалар жүйесінің № 16 кітапхана филиалының жанынан құрылған «Ақ кемешек» әжелер үйірмесінің мүшелері және де осы кітапхана филиалының кітапханашысы Жанар Тасқалиқызына, «Alau Media» аула клубына алғыс білдірді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі