Жақында Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат қажы Алибаев Бөрлі ауданында болып, діни ахуалмен танысты.
Бас имам Самат Қанатқалиұлын аудан әкімі Еркебұлан Нұритдинұлы арнайы қабылдап, дін ахуал жайында сөз болып, бірлесе еңбек етуге келісіп, ортақ жоспарлар бекітілді.
Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Ерденбек Ихсановтың ұйымдастыруымен ауданның ақсақалдары Самат Қанатқалиұлымен еркін жүздесіп, “ Үлкенге құрмет” атты тақырыбы жайында сөз қозғаса, ақжаулық әжелермен жүздесу сәтінде “Ана” жайында уағыз айтып, әженің тәрбиесінде өскен балалар, қазақ ертегілерін бойына сіңіріп, білімге құштар болатындығын жеткізді.
Бас имам Бөрлі аудандық мешітінің имамдарымен жеке-жеке танысып, ҚМДБ-ның бес бағыт бағдарын басшылыққа ала отырып одан ары жұмысты күшейту керек екендігін атап айтты. Аудан имамы орындалатын жоспарларын бөлісіп, алдағы істелер істерін ортаға салып, ортақ шешімдер бекітілді.
Облыс бас имамы мешіттің жамағатымен ақдастархан басында кездесіп, жиналғандарға “Ынтымақ пен Бірлік” турасында уағыз айтып, жамағаттың толғандырған сауалдарына жауап беріп, жақсы көңілмен тарасты.
Облыс орталық мешітінің бас имамы Самат Қанатқали аудандағы атқарылып жатқан ауданның бас имамы Ерденбек Жанұзақұлына жұмысына оң баға берумен іс-сапарын аяқтады.
Баспасөз қызметін