Бүгін “Ар-Рахман” мешітінде Батыс Қазақстан облысының өкіл имамы Самат Қанатқалиұлының төрағалығымен жылдың қорытынды есебі жайында жиыны өтті.
Басқосуда облыс имамы Самат Алибаев жақында Бас мүфтидің шешімімен марапатталған Ар-Рахман” мешітінің хатшысы Зәуреш Асылбекқызы мен Орал қаласындағы «Түлбаев Мұхаммед-Ғариф» атындағы мешітінің наиб имамы Серік Қайратұлына алғыс хаттарын табыс етті.
Жуырда Мүфтиятта өткен Төралқа мәжілісінде Жәнібек аудандық мешітінің бас имамы Есенболат Абдуғалиев “Үздік аудан имамы» атағын алғандығын жеткізді.
Хазретіміз Наурыз қажы Тағанұлының өз қолынан табыс етілді.
Бас имам әр бөлімнің жетекшілеріне жыл бойы атқарған жұмыстарын саралады.
Жағымды жұмыстармен қоса, кемшін тұстар да тілге тиек етілді.
Әсіресе, Мүфтияттың бес бағыты ойдағыдай орындалғаны жайы қозғалды.
ҚМДБ тарапынан берілген бес бағыты жайына кеңінен тоқталды.
Облыстың наиб имамдары мен қала имамдарына 2024 жылы жасалған істердің одан әрі жетілдірілетін тұстарын атап, арнайы тапсырмалар берді.
Алқалы жиынның қорытындысында Бәйтерек ауданы, Асан ауылдық мешітінің бас имамы Мұратбек Жахатов “ Жаңақала ауданының құрметі азаматы” атағымен құттықтап, имандылық жолына сәттілік тіледі.
Жиыннан кейін имамдар естелік суретке түсті.
Баспасөз қызметі