Бүгін БҚО әкімінің аппарат басшысы Нұрділдә Серікұлы Ақжайық өңірінің имамдарымен “Ар-Рахман” мешітінде кездесті.
Кездесуде облыс көлемінде атқарылып жатқан рухани іс-шаралар барысымен танысып, діни тұрақтылықты нығайту мәселелері талқыланды.
Аппарат басшысы имамдарға қоғамдағы тыныштықты сақтаудан бөлек, өңірдің руханиятын арттыруды да қолға алу керектігін айтты. Облыс көлемінде насихат жұмыстары жүйелі түрде жүріп, тұрақтылық басты назарда болуы тиіс. Жат ағымдармен күрес жұмыстары толастамау керек. Осы негізгі міндеттер пысықталды.
Өз кезегінде «Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Самат Алибаев облыстағы діни ахуал туралы баяндап, тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығы туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, ол аудан мен ауылдық мешітінің имамдарына айлық жалақымен көмек көрсетуін сұрады.
Жиынды қорытындылаған Нұрділдә Серікұлы аталған мәселелерді оң шешімін табу үшін тиісті шаралар қолға алынатынын айтты.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы,
Нұрлан Саматұлы