Қарттарға құрмет көрсетілді
Облыстық дін істері басқармасының бастамасымен, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің қолдауымен қарттар мерекесіне орай кездесу болды.
Алдымен басқарма басшысы Мақсат Аралбайұлы мен Орал орталық мешітінің наиб имамы Самат Алибаев жиналған қарияларға жылы лебіздерін арнап, сый-сияпатын табыс етті.
Қазыналы қарттарымызды құрметтеу – баршамыздың ортақ азаматтық парызымыз.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Жастарымызға қамқорлық етпеген және үлкендерімізді құрметтемеген бізден емес» -деген. Жасы үлкенге кішілігіне қарамай құрмет қылу мұсылмандық міндет екенін қарттарымызға жеткізе келе наиб имам оларға зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі.
Өз кезегінде аталмыш көңіл мен ниетке риза болған қарияларымыз ризашылықтарын білдіріп, көңілдері марқайғаны жадыраңқы жүздерінен сезіліп тұрды.
Жүздесуде асыл дініміз бен жастардың жат ағымға түспеу жолдары айтылды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі