Жалпақталда мәуліт мерекесі өтті

Қасиетті жұма күні Жалпақтал ауылдық мешітінде пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с ) туған айы құрметіне дастархан жайылып, мешіт шәкіттері салауат айтты.

Пайғамбарды ұлықтау –оған иман келтіру тағылымы мол іс. Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қошеметтеп, жақсы көрмейінше, оның лайықты үмметі бола алмаймыз. Мәуліттегі мақсатымыз Оны (с.ғ.с ) еске алу. Оның (с.ғ.с ) теңдессіз тұлғасынан өнегенің бір тамшысын болса да алуға талпыну. Оның кіршіксіз өмірбаянын жадымызда бір жаңғырту. Оған сансыз салауаттар айту, оның есімін әр уақытта жадымызда сақтау.

Ұлық Мәуліт мерекесіне Орал медресе-колледжінің директоры Талғат Мұратұлы шақырылып пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі, өсиеттері турасында уағыз-насихаттар айтылды.

Жалпақтал ауылдық мешітінің баспасөз қызметі