Бүгін Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы Руслан Сұлтановтың бастамасымен, жеке кәсіпкер Қайыржан Есенгелдіұлының қолдауымен 58 отбасына азық-түлікпен қайырымдылық шарасы болып өтті.
Көмекке мұқтаж жандар қаладағы «Тәжиден Батырұлы» мешітінің іші мен алдына келіп, өздеріне тиесілі азық-түлік себетін алды.
Олардың қатарында көп балалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар да бар.
«Баршаңызды Мәуліт айының келуімен құттықтаймын. Мүбәрак болсын. Келе жатқан Тәуелсіздік мерекесіне күнімен тура келуде. Алла риза болсын! Жаратушы жұмыстарын сәтті етіп, берекесін берсін», — деді аталмыш мешіттің бас имамы Руслан Тыныштықұлы.
58 отбасына қамқорлық жасап, азық-түлік үлестірген жеке кәсіпкер Қайыржан Есенгелдіұлына алғысым зор. Істеріне сәттілік тілеймін», — дейді қала тұрғыны Күлән Қисметова.
Азық-түлекке 1 160 000 теңге көлемінде қаражат жұмсалды.
Кейбір отбасылардың үйлеріне арнайы жеткізіп берді.
Тәжиден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметі