ҚҰТТЫ ҚОНАҚ КЕЛСЕ…

Бүгін ауданымызға Батыс Қазақстан облысының және Орал орталық мешітінің бас имамы Самат Әлібаев келді. Келген бойда жағажай маңына тоқтаған ол игі істің куәгері болды. Нақтырақ айтсақ, 100 түп қарағаш пен 100 түп терек егіп жатқан жәнібектіктердің ерекше бастамасына атсалысты. Қазақ «құтты қонақ келсе, қой егіз табады» дейді. Жәнібекке келген қонақтың құтты екенін осыдан аңғарамыз.

Жәнібек аудандық мешітінің баспасөз қызметі