Бүгін облыстық «Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Самат Алибаевтың бастамасымен “ Салттық қызмет көрсетудегі бірізділік мәдениеті” ( тәртібі) атты имамдарға арналған жиын болып өтті.
Жиынға ҚМДБ “ Қамқор -Шарапат” салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы арнайы қатысып, “Қамқор-Шарапат” жұмысын таныстырып, атқарылған есебін бейнебаян арқылы толықтай түсіндірді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Самат Алибаевтың басшылығымен Орал қаласы имамдары қатысты.
«Қамқор Шарапат» орталығының өңірдегі жұмысы талқыланды. Қала мешіттерінің имамдарымен ақылдаса отырып жер мәселесі, мәйіт таситын көлік, мешіттің жанынан мәйітхана мәселелері қарастырылды.
Имамдар көкейіндегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі