Ақжайық өңірінде «Ар-Рахман» мешітінде сүйікті пайғамбарымыз туылған Рабиғ әл-әууәл айының құрметіне орай Мәуліт мерекесі ұйымдастырылды.
Жамағатқа есігін айқара ашқан құлшылық ордасын бүгін Пайғамбарымызға деген сағыныштан туындаған салауат кернеп, Мәуліт мерекесінің мәртебесі асқақтай түсті.
Айтулы мерекеге айрықша дайындалған мешіт қызметкерлері бұл айтулы күні жамағатқа ерекше сый-құрмет көрсетті.
Екі дүние сардарының әрбір әрекеті мен сөзінен рухани нәр алып, пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігі де көркем түрде жеткізілді.
Аталмыш іс — шараға қаламыздың имамдары, ұстаздары мен дін қызметкерлері, жамағаты, кештің құрметті қонақтары қатысты.
Алдымен облыстың имамы Самат Қанатқалиұлы Орал қаласының тұрғындарын Мәуліт мерекесімен құттықтады.
Бұдан кейін наиб имам Саят Қанатқали мәулітін оқып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолданды.
Шара барысында Орал медресе- колледжінің директоры Талғат Мұратұлы Пайғамбарға ( с.а.у ) деген сүйіспеншілік жайлы уағыз айтып, екі дүние сардарының әрбір әрекеті мен сөзінен рухани нәр алып, пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігі де көркем түрде жеткізді.
Мәуліт кешіне қатысушы жамағатқа Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өміріне қатысты сұрақтар қойылды.
Кеш соңында арнайы Мәуліт кешінің құрметіне жайылған дастархан басында Құран оқылып еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.
Баспасөз қызметі