Бүгін “Ар-Рахман” мешітінің бас имамы Самат Қанатқалиұлының бастамасымен бес бағыт бойынша бөлімнің жетекшілері және қалалық мешіттің бас имамдары мен наиб имамдарға арналған жиналыс өтті.
Алдымен бас имам бес бағыт бойынша атқарылған іс-шаралардың қорытынды есеп беруін сұрады.
Атап айтқанда, бөлім жетекшілері дін мен дәстүр, ізгі қоғам, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, сондай-ақ жат ағымдардан сақтандыру бағыттары бойынша атқарылған ауқымды жұмыстарды әр бөлім жетекшілері баяндады.
«Бұл – біздің негізгі жұмыстарымызға басымдық берілген бағыттар. Сондықтан жыл басында бекіткен жұмыс бағыттарымызды ерекше ыждағатпен орындауымыз тиіс.
Бұл жыл соңындағы қорытынды жұмыс есебінің көрсеткіші болмақ» деді бас имам Самат Алибаев
Жиналыс барысында Бас имам осы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында жүзеге асқан жұмыстарға оң бағасын беріп, бөлім жетекшілері мен бас имамдарға тиісті тапсырмалар берді.
Алдағы қазан айындағы атқарылатын іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу керектігін қадағалап жеткізді.
Бөлім жетекшілері бас имамға сауалдарын қойып, ортақ шешімге келіп, ұсыныстар айтылды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі