Шымкентте «Имандылық үйірмесі» іске қосылды

ҚМДБ Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жыл басында жолдаған бағдарлық баяндамасы аясында Шымкентте «Діни оқу-ағарту бағыты» бойынша «Имандылық үйірмесі» ашылып, жұмысын бастады.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Әли Анарқұлұлы, «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Досжанова және имамдар мен ұстаздар қатысты.

Имандылық үйірмесінің негізгі мақсаты –  діни сауат ашу бағыты бойынша жастарымызға діни білім мен бірге ұлттық дәстүрімізді үйрету, түрлі кереғар ағымдардан сақтандыру және Құран және тәжуид ілімі,  көркем әдептілік сынды асыл құндылықтар қамтылады.

Айта кетсек, «Имандылық үйірмесі» ҚМДБ-ның оқу-ағарту бағдарламасы аясында Шымкент қаласында орналасқан барлық мешітте ашылып, жыл бойы тұрақты түрде жүргізіледі.