ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жүзеге асып жатқан «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясындағы бас қосу өз жалғасын тапты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында жүзеге асқан шара барысында мешіт жамағатының құрметіне берекелі дастархан жайылып, ас берілді.
Жамағаттың бірлігі мен ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен рухани кеште облыс бас имамы жиналған жамағатқа бірлік пен татулық жайында уағыз-насихат айтты.
«Елдігімізді, татулығымызды сақтау асқан сабырлылықты қажет етеді. Пайғамбарымыз түрлі саладағы жеңістеріне мұсылман қоғамының бірлігі мен татулығын сақтап, сабырлылық танытуы арқылы қол жеткізгендігі тарих беттерінен белгілі. Алла Елшісінің мұндай қасиеті бүкіл мұсылман жұртшылығына үлгі боларлық өнеге. Ендеше, еліміздің бірлігі мен тұрақтылығына үлес қосу баршамыздың асыл міндетіміз болып қала бермек»,-деді бас имам өз сөзінде.
Дін мен дәстүрдің құндылықтары сабақтасқан берекелі отырыста жүзден астам мешіт жамағаты бас қосты. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі