Қасиетті жұмада Ақжайық өңірінің бас имамы Самат Алибаев, РАНТ мүшесі Медет Құрмашұлын жиналған қауымға таныстырып, жұма уағызын жүргізуді ұсынды.
Бүгін Ар-Рахман орталық мешітінде ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі Медет Құрмашұлы жұма уағызын жүргізді.
Іс-сапармен келген РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы «Талақ-Алла сүймейтін іс» тақырыбында уағыз айтып, жастардың бірлікте, ынтымақта болуға шақырды.
Осы мәселеге қатысты ханафи мәзһабының көрнекті ғалымы ибн Абидин «Талақ негізінен – харам іс. Бірақ, оны мүбах ететін жағдайлар мен шарттар туындайтын болса ғана адал бола алады. Сол себепті некелік нығметтен орынсыз бас тартудың еш негізі жоқ. Жайдан-жай ажырасу – парасатты адамның ісі емес әрі ол Алла Тағаланың берген ырыс-несібесін аяқ асты ету. Сондай-ақ ажырасуы отбасы мен бала-шағасына азап шектіруден басқа еш нәрсе емес», – деген. Жаратқан иеміз от басымызға амандық, әр шаңыраққа береке мен бақыт нәсіп етсін!
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
Нұрлан Саматұлы