«Халал Дамудың» БҚО бойынша жауапты өкілі Асхат Асылбеков «Aqjaiq» телеарнасына «Адал мен арамды ажыра алып жүрміз бе?» тақырыбындағы бағдарламаға қатысты.
Эфирде халал төңірегіндегі өзекті мәселелер бойынша қатысушылармен пікір алмасып, халал стандарттау және сертификаттаудың маңызы, «Халал Даму» ұйымының қызметі жөнінде ақпарат берді.
Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлер үшін халал стандартының халықаралық экспортқа жол ашатын бірегей мүмкіндік екені айтылды.