Жақында Ақжайық өңіріндегі Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешітіне арнайы келіп, құптан намазының алдында РАНТ мүшесі, Теміртау қаласының бас имамы Жанболат Жұматұрұлы жамағатпен жүздесіп «Ислам-татулық пен бірлікті бұйырады, бөлінуден тыяды»- тақырыбында уағыз айтып, жиналған қауымның сауалдары жауап берді.
Кездесуден кейін мешіт жамағатымен бірге естелік сүгіретке түсті.
РАНТ мүшелерімен кездесулер әлі де жалғасын табады.
Баспасөз қызметі