ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚЫРҒЫЗ МҮФТИІМЕН ОРТАҚ ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Меккедегі жұмыс сапары аясында Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Замир Ракиевпен жүздесіп, ортақ жобаларды талқылады.

Қырғыз елінің мүфтиі бауырлас қазақ елімен бірлесе жасалып жатқан жұмыстардың жемісті екендігін айтып, Түркі мүфтилер кеңесі мен пәтуа берудегі маңызды тұстарды арқау етті. Ол ҚМДБ Төрағасын Қырғыз еліне құрметпен шақырды.

Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы шақыруды қабыл алып, ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ екі ел арасында қалыптасқан бауырлас достық байланысты одан әрі тереңдетуге бағытталған ортақ жобалар бойынша ұсыныстарын айтты.