МАЙЛЫБАС БЕКЕТІНДЕ ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Кеше Қазалы ауданы, Майлыбас ауылдық округіне қарасты теміржол бойындағы Майлыбас бекетінде жаңа мешіттің ашылу рәсімі өтті.

Қасиетті жұма күні өткен ашылу салтанатына Қызылорда облысының бас имамы Абу Болатбек арнайы қатысып, жаңа мешіт халықтың рухани жаңғырып өркендеуіне үлес қосатын, жастарды жақсы бағытта тәрбиелеуге үлкен мүмкіндік беретін орын екенін жеткізді.

Бұдан бөлек, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов және Қазалы ауданының құрметті азаматы Нәжмадин Мұсабаев елді мекен тұрғындарын қуаныштарымен құттықтап, жиылған жамағатқа ақжарма лебіздерін арнады.

Елді мекен орталығынан бой көтерген жаңа мешіттің сыйымдылығы 100 адамға арналған.

©️ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі