Асылында адам баласын жаратқан Алла Тағала, адам баласының бойына жақсы қасиеттермен қатар, жаман қасиеттерін де бірге жаратқан.
Солардың бірі бүгінгі тақырыбымызға арқау болып отырған, Қызғаныш деген сезім. Яғни синоним тұрғысынан алсақ, осы қызғаныш сөзінің бірнеше мағынасы бар.
Олар көреалмушылық, іштарлық . Бұл айтылайын деп отырған жаман қасиет жүрек дерттерінің бірі болып саналатын дүние.
Исламда жалпы осы сезімдер бар нәрсе, бұл адам баласының сипатына тән дүние. Алдымен құран кәрімге зер салып қарайтын болсақ, онда Алла Тағала мына бір сүренің аятында былай дейді «Күндеген сәтте,күншілдердің кесірінен» сыйынамын деп айт. Фалақ сүресі, 5-аят. Аятқа терең үңіліп қарайтын болсақ, өзгелердің иелігіндегі игіліктің кетуін қалап, Алланың өзіне сый еткен ризық-несібесіне разы болмаған қызғаншақтың зиянынан Алланың мені қорғауын сұраймын,- деп,осылай айтуымызды үйретеді.
Ардақты Пайғамбарымыз с.ғ.с Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын өзінің хадисінде,»Үш нәрсе менің үмбетімнен ешқашан қалмайды, олар; жаман жорамал, басқалар туралы жаман пікір және қызғаныш» деген.
Сол айтып тұрған қызғаныш, көреалмаушылық. Одан бойымызда пайда болса қалай құтыламыз деп сұраған сахабаларына, Алладан кешірім сұра деген. Пайғамбарымыз с.ғ.с Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын, үмметінің болмысын білгендіктен, адам әр дайым бейім болатын осы үш жаман мінезді айтып кеткен.
Демек қызғаныш іштарлық көреалмаушылық- бұл Аллаға разы болмау, саған берген жазған тағдырға разы болмау деген сөз. Пайғамбарымыз с.ғ.с Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын «От құрғақ бұтақты қалай жақса, қызғанышта адамды солай жалмайды» деген. Демек біреудің қолындағы нығметті қызғану, өзіңде болмаған нәрсені, бұл көреалмаушылық. Ел арасында мынандай нақыл сөз бар; «Ешқашан ешкімнің қолындағы нығметті қызғанба.
Алланың одан не алғанын білмейсің. Басыңа келген ешбір қиыншылық үшін күрсінбе, Алланың саған не дайындап қойғанын білмейсің, әрдайым «Аллаға шүкір» де»… Асылында мұсылман адам бұл жаман мінезбен күресіп арылу керек.
Ал енді мұсылман адам одан қалай арылады? Көп зікір ету керек, көп салауат айту керек. Пайғамбарымыз с.ғ.с үйретіп кеткен таңғы кешкі дұғаларды айтып , алладан дұға ету керек
Еркін Жұмабекұлы,
Тәжіден Батыр атындағы мешітінің наиб имамы