Бірінші шілде күні Бәйтерек ауданы, Асан ауылдық мешітінің бас имамы Жахатов Мұратбек Облыстық қарттар үйінде ұйымдастырылған “Үлкенге құрмет кішіге ізет” тақырыбында басқосуға қатысты. Ақсақалды қарияларға Мұратбек имам: Жасы үлкен адамға орын беріп, «рақмет, көп жаса» деген бір ауыз жылы лебізің естігенге не жетсін? Өйткені «қартайған шағыңда өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезіннен қауқары қайтып, сақал – шашы ағарған кісіге ізет қыл» дейді. Бауыржан Момышұлы атамыз » Қарт адам – ұзақ сапар шегіп, тоналып қалған жолаушы сияқты » деген қарияларымызға сый- құрметімізді аямайық, әр сөзінен ғибрат ала білейік. Кәріліктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген, тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» екенін есімізден шығармаған жөн болар.”- деп насихат айтып, дастархан басында әңгіме-дүкен құрды. Шараға 120 ақсақал қатысты.
Баспасөз қызметі