Құрбан айт ерекше өтуде

Бүгін қасиетті жұма күнімен Құрбан айтың соңғы күні тура келіп тұр.

Айт күндерінде Бөрлі аудандық мешітінің Бас имамы Ерденбек Ихсановтың тапсырмасы бойынша құрбан айт ережесін насихаттау бойынша мешіт ауласына қала ішіне баннерлер ілінді.

Аудан ақсақалдарына бас имам атынан айт мерекесімен құттықтау қағаздар берілді.

Айттың бірінші күні айт намазы оқылып, келген жамағатқа айттық дастархан жайылды.

Артынша спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді.

Мешіт ауласына киіз үй тігілді. Ішіне жамағатқа ұлттық тағамдар,көше,тәттілер берілді.
Мешіт атынан 100 Бүлдіршіндерге айт базарлық ретінде тәттілер таратылды.

Айдан бойынша шалынған құрбан малы 150 қой, 5 ірі қара шалынды.

Мешіт атынан 250 мұқтаж отбасыларға құрбан еті таратылды.

Баспасөз қызметі