Балалар қуанған күн
Балалар Құрбан айт мерекесін атап өтті!

Тасқала аудандық мешітінің әйелдер жамағаты қасиетті Құрбан айт мейрамына орай балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырды.
Шара барысында мектеп жасындағы балалар ата-аналарымен бірге спартакиадалық ойындарға қатынасты. Балалар ойындағы тапсырмалар бойынша құрбан айт мерекесі туралы ассоциациасы жасады, мерекеде өткізілетін рәсімдер туралы ақпаратты меңгерді. Жүгіріп, секіріп бой сергітіп, әртүрлі ой ұшқырлығын талап ететін тапсырмаларды орындады.
Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге аниматорлар сергіту ойындарын ойнатып, сурет салғызды.
Балаларға арнап мерекелік дастарқан жайылды.
Ойындардан өзге ұлттық киімдердің көрсетілімі болды. Бүлдіршіндеріміз үшін өте қызықты, көңілді әрі пайдалы күн болды.
Шара соңында барлық ойынға белсене қатысқан балалар мақтау қағаздарымен марапатталды. Бұдан өзге, тәтті толтырылған айттық дорбалар таратылып және
«Баракат» кафесінің иесі, жеке кәсіпкер Азамат Кульшмановтың демеушілігімен балаларға ойыншықтар үлестірілді.
Осы шараның ойдағыдай өтуіне атсалысқан барша жанға ерекше алғысымызды білдірді.

Баспасөз қызметі