Қасиетті Құрбай айт мерекесіне орай, ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен БҚО-ның орталық коммуникациялар қызметі орталығында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-конференция болып өтті.
Баспасөз мәслихатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ,,Әр-Рахман,, мешітінің бас имамы Самат Қанатқалиұлы өз сөзінде:»Құрбан шалғанда «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, ләә илаһа иллаллаһу, Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд» деп тәкбір айтылып, «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» деп бауыздалады. Ең абзалы, құрбанды иесінің өзі бауыздағаны дұрыс. Басқаға өкілеттігін тапсырып сойғызуға да болады. Иесінің құрбан малының жанында тұрғаны жөн. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату – сауап. Бір бөлігі туған-туыс, көршілеріне, екінші бөлігі кедей мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі өзінің бала-шағасына, отбасына беріледі»,- деген сынды бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды.
Жиылған БАҚ өкілдеріне қасиетті Құрбан айт ұлы мереке екенін ескертіп, Арафа күні ораза ұстауға шақырып, қойған сауалдарына жауап берді.
«Qurban 2023» жобасы, qurban2023.kz сайты арқылы құрбан шалуға тапсырыс беру жайында тоқталды.
Айт намазы таңғы сағат 6:30 оқылады.
Құрбан шалатын “Кублей”ЖШС, “Батыс адал ет” ЖШС және де “Ел ырысы “базарында құрбан шалынады.
Айтулы шараға облыстық дін істері басқарамысың басқармасың басшысы Мақсат Романқұлов қатысып, облыстың діни ахуалын айтып, ақтілегін білдірді.
Нұрлан Саматұлы