Қазақстан қажылары толығымен Мекке мен Мəдина қалаларына жетті. Қажылар мінген соңғы рейс Сауд Арабиясының Жидда қаласына келіп қонды.
Қазіргі таңда 4000 қазақстандық қажы толығымен қонақүйлерге орналасты. Оларға отандық 18 қажылық компаниясы қызмет көрсетуде. Қазақстан қажылық миссиясының өкілдері аталған компаниялардың қызметін тексеру-қадағалау жұмыстарына кірісіп кетті.
Осы уақытта жерлестеріміз кіші қажылығын өтеп, үлкен қажылыққа дайындалуда. Қазақстан қажылық миссиясының мүшелері Смайыл Сейтбеков, Бауыржан Абдуалиев уағыз-насихат жүрігізіп, қажылардың сұрақтарына жауап беруде.