Құрбан айт құтты болсын

                           

Ассалаумағалейкум ардақты ағайын. Баршаңызды келе жатырған қасиетті мұсылман жұртышылығынң ұлық мейрамы  Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Аллаһ тағала баршаңыздың отбасы жанұяларыңызға, бала шаға, ағайын туыстарыңызға амандық, дендеріңізге саулық берсін. Еліміз аман жұртымыз тыныш болып, ынтымақ берекеден айырмасын.

Баршаңызға белгілі мұсылман күнтізбесіне сәйкес, Зұлхиджа айында әлемнің барша мұсылман жұртшылығы  Исламның бес парызының бірі болған қажылық парызын орындауға  Мекке қаласына сапар шегеді.

Жылдағы дәстүр бойынша биыл 27 ші маусым Арафа күніне келіп отыр, ал құрбан айт мейрамы  28 ші маусым күніне келіп отыр.

Яғни  28-29-30- шы маусым құрбан айт мейрамы.

Аллаһ тағала құран кәрімде  Кәусар сүресінің 2-ші аятында » Раббың үшін намаз оқы да, құрбан шал» деп аятта келтіреді.  Ардақты Пайғамбарымыз с.ғ.с алланың оған салауаты мен сәлемі болсын, өзінің хадисінде. «құрбандарыңды шын ниетпен ықыласпен шалыңыздар» дейді.

Бұл ұлық мерекеде мұсылмандар жуынып, таза да жаңа киімін киіп, хош иісті әтірін сеуіп, мешітке айт намазына келеді.  Айт намазын оқып болғаннан кейін бір-бірін мүбәрак мерекемен құттықтап, құшақ жайып, өкпе-реніші болса кешіріп, бауырмалдылықпен қауышады.  

Құрбан айт мерекесінде мүмкіндігі бар әрбір мұсылман баласы Аллаға рухани жақындау ниетімен, Алла Тағаланың ризашылығы үшін құрбандық шалуы тиіс. Ондағы мақсат алланың разылығын көздей отырып, құрбан еттерінен, етке мұқтаж болған адамдарға қуаныш сыйлау.

Биыл Орал қаласы бойынша айт намазы  28-ші маусым  таңғы сағат  6:00  да оқылады.  Айт намазына белгілі себептермен қатыса алмаған адамдар болса, немесе шалғай ауылдық елді мекендерде мешіт болмай, айт намазы оқылмайтын болса, Сағат  6:30  немесе 7:00  бастап құрбан шала берсе болады.

Құрбандық малын шаларда,  әуелі бір алланың разылығы үшін деп, Пәленше пәленше ұлының атынан қабыл ете гөр деп, қасапшы  «Бисмиллаһ, Аллаһу акбар» деп айтып,сою керек.

Бір адам өз атынан бір қой ғана шала алады. Ал егер шамасы келмейтін кедей адам болса,ондай адамға міндет емес, алайда  аллаһ разылығы үшін шалам дейтін болса, отбасы жанұясының атынан шалса болады.  Ондай адамның шалған құрбанының сауабы отбасы жанұясына да тиеді.  Бірақ ескеретін жайт егер шамасы жетіп тұрып, жағдайы бола тұра, бір үйден бірнеше адам жұмыс жасап отырып, барлық отбасы атынан бір қой шалу дұрыс емес. Тек қана шамасы келмейтін адам болса, алайда алланың разылығын қалап шалам деуші болса ғана. Ал ірі қара малды жеті адамға шейін ортақтасып бірігіп шала алады. Бірақ сол бірігіп шалушылардың барлығының ниеті құрбан шалам деген ниет болу керек. Арасынан біреуінің ниеті құрбан болмай жәй ғана етке бөлісейін деген ниет болса, онда ол шалған мал құрбандыққа жарамай қалады. Шалған малдың етін өз отбасы жанұсына ауыз тигізіп, қалғанын тарату керек. Өйткені Құран Кəрімде: «…Одан өздерің де жеңдер жəне мұқтажға да жегіңіздер», – деген аят бар

Қой малын үшке бөліп таратса болады, ал ірі қара малды жиырма бөлікке шейін бөлуге болады.

Биыл жылдағыдай  Орал қаласы бойынша құрбан малдары мына үш жерде сойылып шалынады. Олар:  «Батыс Адал  Ет»  Деркөл шағын ауданында 2-я Молодежная көшесі 1/6. орналасқан . «Кублей»  Рыбокомбинат көшесі 55/1 орналасқан  және «Ел Ырысы» мал базары  Сырым Датова 41/а  көшесінде орналасқан. Және  Онлайн форматта шалам деушілер болса, шариғаттағы уәкілдік қызметін пайдаланам деушілер, ондай жандарға  QURBAN2023.KZ сайты іске қосылды. Сол сайт арқылы онлайн шалуға болады. 

Әрі мұқтаж жандар болса Құрбандық етін  алуға, сол сайт арқылы өтініш қалдыруға болады. Үйден өз еркімен шалушы жандар мешітке әкелемін дейтін болса, мешітте арнайы ет қабылдайтын орынға әкеліп тапсырса болады. Немесе жоғарыда аталған үш мекеменің біреуіне апарып тапсырса да болады. Ол жерлерде мешіт имамдары мен қызметкерлері, еріктілер қызметте жүреді. Шалынған құрбан еттері сіздің атыңыздан мұқтаждарға таратылады.

Алла Тағала барша мұсылман қауымының бұл күндері шалған құрбандықтарын қабылдыққа жазып, атқарған әрбір ізгі амал-әрекеттеріне сауаптан жазғай!  Құрбан айт құтты болсын.

Еркін Жұмабекұлы Тәжиден Батырұлы мешітінің наиб имамы