ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық «Jibek Joly» телеарнасына арнайы сұхбат берді.
Бұл жолы Бас мүфти «Еркін сұхбат» бағдарламасында биылғы құрбан айттың ерекшелігі, имамның мәртебесі, қазақи құндылықтар, тұлға болып қалыптасу, жоғары діни білім алудың артықшылығы, әлеуметтік желі әдебіне қатысты журналист Тілеген Әбішевтің сауалдарына жауап берді.
Айта кетейік, ел алдында жүрген танымал тұлғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлері «Еркін сұхбат» бағдарламасында өзекті тақырыптарға тоқталып, кәсіби көзқарасын білдіреді. Тұлға болып қалыптасу жолындағы тәжірибесін бөлісіп, өткеннен сыр шертеді.