БАС МҮФТИ ҚҰРАН КӘРІМ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ (ФОТО)

Бүгін Алматыда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Құранды жатқа оқудан қыздар арасындағы ІІІ республикалық байқаудың марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен Құран байқауының марапаттау рәсімінде Бас мүфти жеңімпаз қариларға, олардың ұстаздары мен ата-аналарына ерекше алғысын білдірді. Сонымен қатар байқауда қазылық жасаған қари-ұстаздарға да ризашылығын жеткізіп, алғыс хатпен марапаттады.

«Құран – адамның тәні мен жанына шипа болатын жалғыз кітап. Құран – сүрінгенге сүйеу, жығылғанға демеу, турашыл адамдар үшін жолбасшы. Жұмақтағы адамның мәртебесі – оның Құраннан қанша аят жаттағанына байланысты болады. «Құранды білгенге былай айтылады: «Оқы, көтеріл де бұл өмірде жасағаныңдай сөздерді анық айт, расында, сенің орның сенің соңғы оқыған аятыңа сай болады». Өздеріңіз секілді Құранды құрметтеп, оны жаттаған қарындастарымызға Алла разы болсын! Алла Тағала Құран оқушылардың мәртебесін биіктеткей. Осы сауапты іске демеу көрсеткен, ұйымдастырған азаматтарға Жаратқанның жақсылығы болсын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Байқау жеңімпаздары ҚМДБ Төрағасы атынан алғыс хат пен арнайы қаржылай сыйлыққа ие болды.

Қазылар алқасының шешімімен 4 аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінген қарилардың тізімі төмендегідей:

Толық Құранды жатқа оқудан (30 пара бойынша):

1-орын Бакуллаева Сакина (Өскемен қаласы) 1 500 000 тг.

2-орын Ержігіт Сымбат (Түркістан облысы) 1 200 000 тг.

3-орын Абдуллаева Дилдора (Алматы облысы) 1 000 000 тг.

20 пара:

1-орын Абдилазиз Ханифа (Түркістан қаласы) 1 000 000 тг.

2-орын Сейітқасым Жанель (Алматы қаласы)  800 000 тг.

3-орын Омарбекова Аружан (ШҚО) 600 000 тг.

10 пара:

1-орын Казенова Амина (Алматы облысы) 600 000 тг.

2-орын Тұрғанбек Алтынай (Шымкент қаласы) 400 000 тг.

3-орын Хикматуллаева Хажихан (Түркістан облысы) 300 000 тг.

5 пара:

1-орын Ботағазы Айша (Алматы қаласы) 400 000 тг.

2-орын Нұрлыбек Ясмин (Қарағанды облысы) 300 000 тг.

3-орын Махамбетқызы Фатима (БҚО) 200 000 тг.

Сондай-ақ Жамбыл облысынан келген Хусей Сунейна ынталандыру сыйлығына ие болды. 

\