Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Қанатқалиұлы Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университетінде оқитын студенттермен кездесті.
Кездесу еркін, әңгімелесу түрінде өтті. Сондай ақ студенттерге оқу бітірген соң діни қызметке Батыс өңіріне келіңіздер деген ұсыныс айтылып, білім алудың ең тиімді жолдары жайлы да сөз қозғалды.
Кездесуден кейін Бас имам Ақжайық өңірінің студенттеріне арнайы дастархан жайып, әрқайсысының жағдайы, оқу барысы, үлгерімімен жекелей танысып, өтініш-тілектерін тыңдап, оларға ҚМДБ БҚО өкілдігі тарапынан жасалып жатқан әлеуметтік қолдаулар, алдағы аманат-міндеттер туралы айтты.
Осылайша оралдық студенттердің басын біріктіріп, ел ішіндегі ахуалмен бөліскен бас имам әлеуметтік қолдау жөнінде жоспарын және қолдау білдіретінін жеткізді.
Ар-Рахман мешітінің баспасөз қызметі