Бүгін Ақжайық өңірінің жамағаттары жиналып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2023 жылғы айтулы шаралар жоспарына сай, «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбында «QАМQOR-SARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен 29 сәуір күні еліміздің барлық аумағындағы зират басына тазалық жұмыстарына бірліктері мен ынтымақтарын көрсете білді.
Бұл игі шараға Ар-Рахман мешітінің жамағаттары да, қала, аудан, ауыл мешіттері де өз үлестерін қосты.
Ар-Рахман мешітінің жамағаттарымен игі іс шара сауабы мол іс атқарды. Ар-Рахман мешітінің дін қызметкерлері Наурыз Убаев, Бағдат Шақаев, Ерденбек Ихсанов жаз мезгілінде зиярат басына тазалық жұмыстарын жүргізу, марқұмдарға құрмет көрсетіп, Құран бағыштау, мәйіт айналасын таза ұстау бұл дүниеден өткен әрбір жанның рухына жасалған құрмет екендігін және
мұсылман адам дүниеде қандай қадірлі болса, оның қабірін аяқасты етуге ешкімнің қақысы жоқ екендігіне, ал мұсылман зиратының маңайын тазалап отыру – жәй ғана міндет емес, ізгі амал екендігіне кеңінен тоқталды.
Зират басындағы қоқыс қалдықтардан толықтай тазаланып, марқұмдардың рухына Құран оқылды.
«Алла Тағала Құрандағы «Исра» сүресінің, 70-аятында: «Расында Адам баласын ардақтадық» деп, адамды тірі күнінде де, дүние салғаннан соң да құрметтеуге бұйырған.
Дінімізде дүниеден қайтқан адамды соңғы сапарына жуындырып, арулап ақ матаға орап, хош иіс сеуіп, жаназасын оқып, құрметпен Жер ана қойнауына тапсырады.
Дүниеден өткен адамның ары мен абыройын құрметтеуге шақырды. Осындай игі шараларымыз өз жалғасын тапсын.
Ісіміз сауаптан жазылсын, бауырларым!
Ар-Рахман мешітінің баспасөз қызметі