Балаларды қуанту – зор бақыт

Балаларды қорғау мерекесіне орай Орал облыстық орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлының бастамасымен Самат Алибаев «Шаңырақ» балалар мен жасөспірімдер үйіне құттықтай барып,  тәттілер таратты. Биылғы жылдың әрі балалар жылы болып бекітілуінің мән маңызы туралы сөз бастап,  ел ертеңі үшін тұлға болар балғындарды мерекесімен құттықтап,  ізгі ниеттерін білдірді.
Пайғамбарымыз (с. ғ. с)  «жетімнің басынан сипа,  кедейлерді тойдыр!»  деген, ұлтымыз да жесірін жылатпаған,  жетімін қаңғытпаған халық,  жетім көрсек,  жебей жүру баршамыздың азаматтық парызымыз.

ҚМДБ БҚО бойынша баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған