Айт қабыл болсын!

Бүгін Ораза айт мейрамына жиналған жамағатты Тасқала аудандық мешітінің бас имамы Құлтөре Сақийұлы құттықтап, айт мерекесінің қадір қасиеті жайлы уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.
Айтқа келген жамағатқа Аудан әкімі орынбасары Талғат Асқарұлы келіп құттықтау сөз сөйледі.
Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразамызды қабыл етіп, екі дүниеде де жүздері жарық болған пенделерінің қатарында болуымызды нәсіп етсін.
Әр жанға денсаулық, отбасылық бақыт, шаттық өмір, отбасыларыңызға береке, жандарыңызға тыныштық берсін, бауырларым!

Сол күні Тасқала аудандық мешітінің бастамасымен, аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жамағат арасында ұлттық спорт түрлерінен шара өткізілді.

Спорттық шараның жеңімпаздары:

Қой көтеруден,
Мақашев Алтынбек.

Садақ ату сайысынан:
1-орын Төлегенов Сансызбай,
2-орын Насиров Рамиль,
3-орын Сатаров Азамат.

Қол күрес сайысынан:
1-орын Ниетқали Ризабек,
2-орын Муханов Ермағанбет,
3-орын Орынғалиев Арсен.

Табан тартыс сайысынан:
1-орын Бермуханов Иляс,
2-орын Рахметов Қамбар,
3-орын Есказиев Елдар.

Жеңімпаздарға арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар берілді.

Нұрлан САМАТҰЛЫ