Ораза айт күнінде Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешітінде жамағат арасында ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін спорттық ойындар оздырылды.
Алдымен аталмыш мешіттің бас имамы Қажымұқан қажы Ертайұлы сөз алып, ораза айт мерекесімен, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ойындарды атап өтер болсақ: ләңгі тебу, асық ату, арқан тартыс және садақ ату ойындары өтті.
Жарыс тартысты, қызықты өтіп, жамағат көңілінен шықты. Бәрі де белсенділіктерін, табандылықтарын көрсетті.
Жүлделі болған жеңіпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Сонымен қатар ораза айт құрметіне орай ұлттық тағамдарымыз әзірленіп, арнайы киіз үй тігіліп дастархан жайылды.
Ораза айтқа келген 300 аса жамағат, сонымен қатар мешітімізге келген жергілікті қала тұрғындары дәмнен ауыз тиді.
Айтымыз қабыл, мұратымыз асыл болсын!
Нұрлан Саматұлы