Ораза айт мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының БҚО бойынша өкілдігі «Ар-Рахман» мешітінің бастамасымен, Бәйтерек ауданы, Асан ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен қала мешіттері жамағаты арасындағы бірлікті, бауырмашылдық пен салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатында спорттық ойындарынан турнир өтті.
Іс-шараның ашылуына қатысқан Асан ауылдық мешітінің бас имамы, дінтанушы, құлпы тастарды сөйлетіп жүрген Мұратбек қажы Жахатов сөз алып, ораза айт мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушарға сәттілік тіледі.
«Ислам дінінде денсаулыққа көңіл бөлініп, салауатты өмірдің маңызы өте жоғары бағаланады. Жастық шақтағы қадірі білінбес уақыт пен денсаулықты бағалауға бағытталған іс-шараның берері зор», – дей келіп, спорттық шаралардың әлі болатына сенімді білдірді.
Айт мерекесінде аударыспақ, қол күресі, табан тартыс, асық ату, ләңгі тебу, садақ ату, қазақша күрес, гір тасын көтеру аталымдар бойынша сайысқа түсті.
Қазылардың ортақ ұйғарымымен жүлделі орындармен марапатталды.
Жарысқа қатысып, белсенділік танытқан спортшыларға арнайы сый-сияпаттар табыс етілді.
Нұрлан Саматұлы