Ораза айттың бірінші күнінде Теректі аудандық мешітінде бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында іс-шара өтті.
Ең алдымен, Теректі аудандық мешітінің бас имамы Еркінбек Ебелекқажиев балаларға Ораза айт туралы кеңірек айтып, түсіндірді.
Одан кейін балғындар «Арқан тартыс», «Табан тірес» сынды ұлттық ойындардан бақ сынап, Ислам діні мен оразаға қатысты сұрақтарға жауап берді. Барлық балақайлар сыйлықтарға ие болып, мәре-сәре күй кешті.
Бүлдіршіндерді марапаттау сәтінде Еркінбек Серікұлы демеушілік танытқан бір топ жанға алғыс айтты. Айт мерекесінде қайырымдылық жасаған мейірбан жандар қатарында облыстық мәслихаттың депутаты Сержан Идиятов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтык басшысы Нұрсұлтан Қадырғалиев, теректілік кәсіпкерлер – Динара Сағынғалиева, Евгений Жданов, «Аяжан», «Светлана», «МигМаг», «Алтын таға», «Фотосалон» Димар базарынан Мәншүк Имашева дүкендерінің иелері болды.Алла қуаныш сыйлаған мейірбан жандарға тек игі жақсылығын берсін үлкен рахмет.
50 бала қамтылған шара соңында әр бөбек арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.
Теректі аудандық мешіті баспасөзі.