Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Замир Ракиев ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлын Ораза айтпен құттықтап, хат жолдады.
«Рамазан айт – жер беті Алла Тағаланың нұрына шомылатын, қуанышымыз қойнымызға сыймай, шаттанатын ұлық мереке. Оразадан кейін момын мұсылмандардың күнәлары толық кешіріліп, денсаулығы жақсарып әрі жан-дүниесі шуаққа толып, жаңа игіліктерге қол жеткізетіні сөзсіз. Осы орайда сізге және барша қазақ елінің мұсылмандарына зор денсаулық, ырыс-дәулет тілеймін. Аспанымыз ашық, маңайымыз аман болсын» делінген құттықтау хатында.