Мың айдан да қайырлы Қадір түнінің қарсаңында Теректі аудандық мұсылмандар мешітінде 1993-1994 жылғы ауыл жастарының демеушілігімен ауызашар берілді және жамағат арасында сұрақ-жауап өтті. Сұрақ-жауаптан кейін құптан намазы мен тарауих намазы оқылып артынша “Құранды мәнерлеп оқу” сайысы өтті.
Теректі аудандық мұсылмандар мешітінің ұстазы Бақтығали Амантай Қуанышбайұлы жамағатымызға сұрақ-жауап өткізді.
Теректі аудандық мұсылмандар мештінің бас имамы Ебелекқажиев Еркінбек Серикұлы сөз сөйлеп, “Құранды мәнерлеп оқу” сайысында жүлделі орын алғандарды марапаттады.
“Құранды мәнерлеп оқу” сайысында жүлделі орынға ие болғандар:
1-орын Санжар бауырымыз алса,
2-орын Жақсылық бауырымыз жеңсе, 3 орын Тарғын бауырымызға бұйырды.
Теректі аудандық мешітінің баспасөз қызметі