ҚМДБ, БҚО өкілдігі , «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен “Құран – көкте нұр, жерде қазына” атты Құран кәрімді жатқа оқудан қыз-келіншектер арасында облыстық сайыс өткізілді.
Бас имам Алибаев Самат Қанатқалиұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, сайысты ашып берген соң, сектор жетекшісі, “Ар-Рахман” мешітінің бас ұстазы Әсел Оразбекқызы сайыс ережесін түсіндірді. Құран сайысқа қырағаттар иджаза иегері, хафыз ұстазымыз Бақытгүл Өтегенқызы бастаған, “Әл-Әзһария” ҚМ ұстаздары Назгүл Медерқызы мен Ақерке қари қазылық етті. Әрбір қатысушының Құранды жаттау деңгейі, махраджы және тәжуид ілімін қаншалықты меңгергендігіне қарай бағаланды.
Құран сайыс ересектер арасында 30-шы пара бойынша, 8-16 жас аралығындағы қыз балаларға 30-шы пара бойынша және 22 сүре бойынша, 7-12 жас аралығындағы қыздарға 10 сүре бойынша өтті.
30-шы пара (ересектер) бойынша:
1-орын иегері Рамазанова Сәлима (18 жас) 50 мың теңге;
2-орын иегері Рыспаева Алина (20 жас) 30 мың теңге;
3-орын иегері Салимова Зәмзәм (19 жас) 20 мың теңге;
30-шы пара (8-16 жас аралығы):
1-орын иегері Қайыржан Сумайра (14 жас, Сырым ауданы) смартфон;
2-орын иегері Тахирова Хаят Азаматқызы (15 жас, Шыңғырлау) смартсағат;
22 сүре бойынша (8-16 жас):
1-орын иегері Сансызбай Мариям Кайраткызы (9 жас) смартфон;
2-орын иегері Исламбек Фатыма (12 жас) смартсағат;
3-орын иегері Шоткалиева Мариям Нурлыбеккызы (11 жас) заманауи құлаққап;
10 сүре бойынша (7-12 жас):
1-орын иегері Шоткалиева Хаджар (8 жас) велосипед;
2-орын иегері Асланқызы Айлана (8 жас) заманауи құлаққап;
3-орын иегері Бауржан Фатима (8 жас) фотоаппарат;
Барлық қатысушылар диплом және алғыс хаттармен, Құран Кәрім және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі