Облыс әкімі Қадір түнімен құттықтап, Ақжайық өңірінің әкімі Нариман Төреғалиев ҚМДБ-ның БҚО бойынша Орал қаласы, орталық «Ар-Рахман» мешітіне барып, жиналған жамағатты Қадір түнімен құттықтады.
– Қадір түні – адамзат баласын бірлікке, бауырмалдыққа, ата-ананы құрметтеуге, жақсылыққа шақыратын рухани сәт. Қазіргі уақытта біздің басты мақсатымыз – дәстүрлі дінімізді, салт-дәстүрімізді шынайы дәріптеумен бірге жас ұрпақты имандылық пен салауатты өмір салтын тәрбиелеу, рухани бірлік пен діни төзімділікке баулу. Жастарымыз дінге берік, ілімге жерік болу керек. Баршаңыздың қасиетті Рамазан айындағы және бүгінгі Қадір түні тілеген тілек-ниеттеріңіз қабыл болсын, – деді аймақ басшысы Нариман Төреғалиев
Рамазан – рухани жаңару айы. Алланың адам баласына берген шексіз нығметі, теңдессіз сыйы саналған ораза – тікенді жерге табан тигізбей, сақтанып жүретініміз секілді, күнәға бетпе-бет келуден сақтайтын, жан-дүниемізді, мінез-құлқымызды жақсылыққа тәрбиелейтін, рухани түлеп шығатын құлшылық. Ал Қадір түні жасалған ізгі амалдардың сауабы еселеніп қайтады. ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігі мен «Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Самат Алибаев қасиетті Құраннан сүре оқып, сауабын дүниеден өткен барша мұсылман қауымына және жиналған жамағаттың отбасынан дәметкен әруақтарына бағыштады».
Қадір түнінде Орал қаласындағы » Ар-Рахман» облыстық мешітінің дін қызметкерлері Талғат Искалиев » Қадір түнінің маңызы» Наурыз Убаев » Дұғаның маңыздылығы», Бағдат Шақаев «Түңгі құлшылық» , Ерденбек Ихсанов » Қасиетті Құран түскен ай» турасында ғибратты уағыз айтып, жамағат арасында асыл дініміз жайында сұрақ-жауаптар қойылып, дұрыс жауап берген адамдар бағалы сыйлықтар берілді.
Бас имам Самат Алибаев облыстық мешітте құран-хатымды оқыған аталмыш мешіттің ұстазы Абжаппар Махмут Сәбитұлы мен 17 жасар Валихан Жалолдинхон Сарсавханұлын өкіл имам алғыс хатпен, жамағат атынан иықтарына шапан жабылып, қаржылай көмек берілді.
Келесі Қадір түнде жүздесіп, дұғаларымыз қабыл болсын, бауырларым!
Ақжайық өңіріндегі мешіттерде құран-хатым жасалып, қариларға құрмет көрсетілді.
Бас имамдар мен жомарт жандарға Алла разы болсын!
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі