Рухани шара өтті

Жақындп Түлбаев Мұхаммед- Ғариф атындағы Орал қалалық мешітінде «Қазақстан адам ресурстары жеке ұйымының қолдауымен, Қуан Армат Құлымбекұлының ұйымдастыруымен, Каһут бағдарламасымен, «Сира Joly» атты білім сайысы өтті.

Рухани шараға 70-тен астам адам қатысып белсенділік танытты.
Шараның мақсаты жамағаттың сауаттылығын арттыру, Рамазан айында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өмір баянын таныстырып кеңінен насихаттау.

Адамзаттың асыл тәжі кітабынан сұрақтар қойылып дұрыс жауап берген қатысушыларға силықтар табыс етілді.
Аталмыш шарада Бірінші орын алғаны үшін Мейрамбек Кубаевқа «Алла Тағаланың есімдері» жазылған картина берілсе, Екінші орын алған Борантай Екпіновке «Қазақша аудармасымен Құран кәрім» және үшінші орын алғаны үшін Алжан Манасқа «Мұсылман наборы» сыйлыққа берілді.
Шара соңында барлық қатысушыларға қосымша сұрақ қойылып тасбих және кітапшалар табыс етілді.

Жамағат тарапынан алғыс айтылып, тағыда өтіліп тұруын сұрап, ризашылығын білдірді.

Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешітінің баспасөз қызметі